• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
25 Шілде, 2012

«Он үшімде ашық теңізге шықтым…» – дейді соғыс және еңбек ардагері Мұса Сарымбетов

425 рет
көрсетілді

«Он үшімде ашық теңізге шықтым…» – дейді соғыс және еңбек ардагері Мұса Сарымбетов

Мамыр айы. Иә, жады­раған жаз, күлімдеген күн. Се­­­руен­деген халық. Көбі орталық алаңға жиналады. Бүгін-ертең Ұлы Жеңістің 65 жылдығы тойланбақ. Қан­­­ша ай, қанша жыл өтсе де бұл мейрам, бұл шаттық ұмытылмақ емес. Өйткені, оған мыңдаған, миллиондаған боздақтар­­дың ел үшін, жер үшін жанпида деп, қан төгіп, ұрандаған ерлігінің арқасында қол жетті ғой.Міне, «Тағзым» мемориалы жанын­дағы көпшілікке біз де араластық. Мұн­да соғыстан оралмаған алты мың аралдық­тың аты-жөні мәрмәр тасқа қа­шап жа­зыл­ған. Көздеріне жас алып қа­мыққан­дар қаншама! Мәрмәр тастағы жазуды қолдарымен сипап тұрып егі­леді-ай!..

Мамыр айы. Иә, жады­раған жаз, күлімдеген күн. Се­­­руен­деген халық. Көбі орталық алаңға жиналады. Бүгін-ертең Ұлы Жеңістің 65 жылдығы тойланбақ. Қан­­­ша ай, қанша жыл өтсе де бұл мейрам, бұл шаттық ұмытылмақ емес. Өйткені, оған мыңдаған, миллиондаған боздақтар­­дың ел үшін, жер үшін жанпида деп, қан төгіп, ұрандаған ерлігінің арқасында қол жетті ғой.Міне, «Тағзым» мемориалы жанын­дағы көпшілікке біз де араластық. Мұн­да соғыстан оралмаған алты мың аралдық­тың аты-жөні мәрмәр тасқа қа­шап жа­зыл­ған. Көздеріне жас алып қа­мыққан­дар қаншама! Мәрмәр тастағы жазуды қолдарымен сипап тұрып егі­леді-ай!.. Солардың қатарында жүрген төртпақ келген кең жауырынды кісіні бірден-ақ таныдық. Бұл 81 жасында да жүріс-тұрысы ширақ Мұса Сарым­бетұлы еді. Қолында әлдекімнің суреті тұр. Жап-жас, қыршын. Соған бір, жазудағы тақтаға бір қарайды да:– Бауырым-ау, боздағым-ау, – дейді.– Бұл кіміңіз еді?– Ағай ғой, ағай!.. Жәдігер Сарымбетов. 1942 жылдың 4 қаңтарында шағын ғана қыстақтан 12-нің бірі болып түйе шанаға мініп кеткен. Содан Орал қала­сы­на жетіп, әскери дайын­дықта жүріп түс­кен суреті екен мынау. Одан әрі Қалмақ жерінде фашистермен шайқасқан. «Сталинград майданына аттанып барамыз», деген бір сәлемдеме жетті. Содан соң хабар-ошарсыз. Одан бері де, міне, тура 68 жыл өтіпті… Әске­ри комиссиарат арқы­лы іздеу салдық. Сонда да еш дерек болмады. Өзімен бір­ге кеткендердің үшеуі: Өмір­жан Енді­­ба­ев, Тәуірбай Дербісов, Мол­­да­­­ғазым Жұмаға­лиев елге есен-сау оралды. Ал ол, Жәдігер ағай, сол жоқтан жоқ. Үй­леніп те үлгермеді. Ұрпақсыз кетті-ай!..Не дейік. «Интернет арқылы сұрау салыңыз», – дедік.*     *     *Ал Мұсаңыздың өзі ше? Иә, ол кім? Кім екенін білгіңіз келсе, кеудесіндегі тізілген медальдарға көз салыңыз. Жо-қ, сіз жүрдім-бардым қарамаңыз. Тоқтап, тіктеп көз жүгіртіңіз. Сонда сіз оның СССР Жоғарғы Кеңесі Прези­ди­уы­мы­ның 1945 жылғы 6 мау­сымдағы Указымен «1941-1945. Ұлы Отан соғысы жыл­­дарындағы «Еңбек­те­гі ерлігі үшін» медалымен марапаттал­ғанын біліп таң-тама­­ша қалар едіңіз. Себебі, ол со кезде әлі кәмелетке тол­маған бала еді-ау! Сөйте тұрып мұндай наградаға қалай ие болып жүр?! Данышпан Абай атаңыз: «Керек іс бозбалаға – талаптылық», депті ғой. Сол айтқандай талап тұлпарын жастай-ақ еріттеп мінген болар?– Е-е, – деді Мұсекең сәл тізе бүгіп, – ондай сауалдың боларын күтіп-ақ отыр­ғам. Осының мән-жайын білуге құмар­лар көп-ақ. Неге десеңіз, бұл медальға ие бол­­ғандар тым сирек. Мұны маған аупарт­ком­­­ның сол кездегі бірінші хатшысы Ғ.Ешкеновтің өзі ауылға келіп тапсырды.– Өзі ме?!– Иә, өзі. Және «Еңбек қызыл ту» ор­­­де­ніне ұсындық деген. Бірақ ол қо­лыма ти­ген жоқ. Ал мен он үш жа­сымда-ақ аш­ық теңізге шыққан кәделі балықшы едім.– Ым-м… он үші те, ә?! Ашық те­ңізге!.. Көз алдымызға толқыны таудай болып төңкерілген, ақ көбік шашқан, арсыл-гүрсіл теңіз шуылы елестейді…– Е-е, күмән келтіресіз, ә? Өз басынан кешпегендер сөйтеді. Әкем Сарымбет 1931 жылы дүние салды. Медреседе оқыған, аз да болса діни сауаты бар-ды. Қазіргі Бө­ген ауылдық округінің көле­мін­дегі «Қара­шалаң» колхозында еңбек етті. Сол жылдарда Дәу­летбай Қожасов, Шамша Кеу­лім­жаев, Өтеп Өтеғұ­лов, Сереке Бекішов, Сүйеубай Өксікбаев, тағы басқа азаматтармен тізе қосып, жаңа ұжымның іргесін қаласты. Теңіз жаға­сын­да «Қызыл қайыр» деген балық қа­был­дау пункті болатын. Балық тұздауға да, ас-ауқатқа да тұз керек. Сонда олар «Жамантұз» деген сордан түйемен тұз тасыды. Кесек тұзды диір­­мен­ге тартып ұсатты. Соның куәсі болдым.Сол әкеден Жәдігер, Әзима және мен үшеуіміз жастай жетім қалдық. Күміс анамыз 28 жасында жесір атанды. Жал­ғыз сиырдың сүтін ішіп күн көрдік. Жә­­­ді­гер буыны қатпай-ақ қара жұмысқа же­гілді. 1941 жылы соғыс басталды. Ауру-сырқау көп. Тырысқақтан, сүзек­тен кү­ніге 2-3 бала шетінеп жатты. Жә­­­дігер 1942 жылы әскер жасына ілінді. Бар малды соғыс заемы­ның өтеуіне деп сыпырып алды. Енді не тұрыс бар? Аман Жолымбетов есім­ді ағаймыз да соғысқа аттанды. Үйдің бас көтерері мен болып қал­дым. 1942 жылдың көктемінде, 13 жа­сымда кол­хозға мүше болдым. Әкемнің көзін көр­ген, сыйлас болған Баймағамбет Сатаев, Әлмахан Әлімбетов, Сержан Базарбаев, Жамал Ізмағамбетов ағалар әр­­­кез көмек қолын созды. Сондағы ауыз­бірлік пен татулықтарына, әркімнің еңбе­­гіне қарай үлестерін қылдай тең бөле­­тін­деріне қайран қалатынмын. Сол үлкен­дердің бірі Әлмахан Әйімбетовтің ес­кекшісі болғаным бар-ды.– Балам, – деді ол бірде. – Біздер Николай патшаның құлаға­нын, ақ пен қызыл боп қырылысқанын, аштық пен жалаңаштықты, репрессияны, енді, міне, соғыс азабын бастан кешіп отырмыз. Бір мысал айтайын. Төркін­бай­­­дың Өтегені екеуіміз ау серік едік. Ол аға мен іні. Бірде ауға жалғыз тыран түсіпті.– Жалғыз-ақ па?– Иә, жалғыз. Қайықтан түстім де жүре бердім. Үйде үнем жоқ. Жалғыз тыранды Өтеген аға алсын дедім. Жо-қ, соңымнан айқай шықты.– Әй, Әлмахан, бері кел, – деді. Барсам жалғыз тыранды қақ бөліпті: «Сыбағаңды ал, сорпалыққа жарар», – деді. – Әне, сондай да күндер өткен. Бұл сұрапыл соғысың да өтер әлі-ақ. Жеңіс туын көтерерміз.Сәуір, мамыр айларында өзеннің теңіз­ге құяр аяғындағы айдындардан балық аулауға рұқсат етілмейді. Себебі, балық жағаға жақындап, уылдырық шашады. Ал біз ашық теңізді шарлаймыз. 35 аттың күші бар мазутпен жүретін «Карачаленең» кемесіне 15-20 қайықты тіркеп, теңіз қол­­тығындағы Көзжетпес, Айжарымтасты, Қурайлы, Үшмырза, Көкарал, Ақбасты, Изенді, Қазалы, Құланды, Возрождение аумақтарына ау құрамыз. Несін айтасыз, онда теңізіңіз толқып, тасып жататын.– «Возрождение» дедіңіз бе?– Иә, қазіргі «Возрождение» жабық аралы. 1942 мен 1943-тің маусым, шілде айларында осында чемая балығын аулауға одақтық Қорғаныс министрінен рұқсат болған. Чемая дегенің тортаға тұқымдас семіз балық. Әрі отанға балық керек. Сонда бара жатқанда мынандай оқиға болды. Кеме капитаны Садық Тұрғанбаев та, ал механигі Әбсақи Ерма­ғам­­бетов еді. Менің ептеп техникаға ыңғайым бар-тұғын. Сон­дық­тан да кеме үстінде жүргенде көбіне-көп механика бөлімінде боламын. Май құямын. Механикке көмектесем. Кеме үс­тінде айқай шықты. Дауысты естіп палу­баға көтеріл­сек, су астынан сумаң етіп сүңгуір қайық шыға келгені. Капитанда зәре жоқ. Арал теңізінде сүңгуір қайық бар дегенді бұрын-соңды есітпеген едік.– Рұқсат қайда, рұқсат? – дейді мун­дирлі біреуі қоқиып. Колхоз берген қа­ғазды көрсетіп әрең құтылдық. Бақсақ, «Возрождение» аралыңыз күндіз-түні те­ңіз үстінен де, теңіз астынан да қатаң ба­қы­­­­лауда болады екен. Ал чемая балы­ғыңыз суға сыймайды. Тек ауды жазып ала біл. Қабылдаушы кемелер Аралдан тәу­лік бойы келіп тұр. Кейін «Аралбалық тресінің» оқу комбина­тының қысқа мер­зімді курсында оқып, мотористік куәлік алдым ғой.– Иә, №2-мотофеюга мен 60 аттың күші бар «Трескада» моторист болыпсыз?– Солайы солай. Мотофеюга – 20 ат­тың күші бар жеңіл, жүрдек қайық. Сонымен обкомның бірінші хатшысы Мұ­ха­медғали Әленұлы Сужиков жолдасты алып жүргенім бар…– Қалай, қашан?!– Сірә, 1955 жылдың маусым айы-ау деймін. Моторлы қайықтар «Бөген» моторлы балық аулау стансасына қа­рай­­ды. Сол мекеме мені «Қарашалаң» колхозына бекіткен. Басқарма қайда жұм­­сайды, сонда барамын. Жұмыс көп. Кадр тапшы. Бас­­қарма Ұлбибі апай: «Дереу МРС директоры Жаппасбаевқа жетсін», депті. Келсем, обком хатшысын алып, Сапуанға жүресің деді. Сапуан – балық базары іспетті теңіз жағала­уындағы аралшық. Мұнда «Қара­­түп», «Қарашалаң», «Бөген», колхозының балықшылары шоғырланған. Сужиков 45-тер шамасындағы етжеңді, ажарлы кісі екен. Мұхаңмен бірге мотофеюгаға Т.Жаппасбаев, ауылдық кеңес ағасы Б.Рысқалов және тағы басқалары мінді. 26 жастағы кезім, лыпып-ақ тұрмын. Және мотористік пен капитандықты да игеріп алғанмын. Сужиков Сапуандағы балық­шы қауымымен ашық-жарқын сөйлесті. Көбіне-көп лепро (алапес) ауруы жайы сөз болды. Сол жылдары бұл сырқат Арал, Қазалы аудандарында жиі кезде­суші еді. Кейін білдік қой, Мұ­ха­медғали аға осы проблеманы ұлттық, өмірлік мәселе ре­тінде одақтық дең­гей­ге дейін көтер­ге­нін… Сол жылдары күріштің сату бағасы да 10 есеге артты-ау!..– Дұрыс дұрыс. Мұхаңдай ірі тұл­ғаны алып жүріп, сөзін естуіңіз үлкен бір ға­­нибет қой. Есте жақсы сақтаған екенсіз.Содан келе-келе «қызмет те» өсе түсіпті. 80 аттың күші бар «Смелый» ке­месіне механик кезіңізде ту-у Ресей­дің Астрахань портына жолдама алыпсыз?– Дұрыс. Менің еңбек кітапшама көз жүгірткен екенсіз. Әрі жүрдек, әрі қуаты мол кемелерге оқыған, дипломды мамандар керек болды. Бұрынғы механик­тер­дің бірсыпырасы бірінен бірі үйренген­дер еді. Содан кадр іріктеді. Әне, ол ті­зімде мен де болдым. Астраханьда оқуы бар, практикасы бар, екі жыл болдым. Талай-талай сынақтан өттік. Әртүрлі қуат­тағы ко­рабль­дердің машина бөліміндегі меха­низмдердің сан түрімен таныстық. Әуелі куәлік берді. Кейін диплом қорғадым…Сөйтіп бұл Мұса Сарымбетұлыңыз КСРО-ның су айдындарында 200 аттың күші бар алып кемелерді де шыр айналдыратын дипломды кеме механигі-ди­зелист болып оралады. «Олег Кошевой», «Ревизор» кемелерін ұршықша үйіріп жүргенде, 150 аттың күші бар, балықты теңізде жүзіп жүріп қабыл­дайтын әрі өзінде тоңазытып қатыра­тын «Қазақ­станның 40 жылдығы» атындағы ПТС-қа (өндірістік-тран­зит­тік кеме) бас механик­тілікке шақырылады…Бірақ ақсұңқар ақын Зейнолла Шүкіров:Кіндігім бірге АралменТеңізден тыныс алам менАқпейіл анам секілдіАлдымда жатыр далам кең, – деп жырлайтын шалқыған теңізіңіз өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап тартыла бастады. Жалпы аумағы 64 490 шаршы шақырымды құрайтын, ең ұзын тұсы – 428, ені 284 шақырымдық айдын жыл санап таяздана берді. Келе-келе теңіздің аумағы 4 есеге қысқарды, судың деңгейі 29 метрге төмендеді, тұздылығы артты.Сөйте-сөйте теңіз өз суының 60 па­йы­зынан айырылып, өндірістік маңы­зын жо­­ғалтты, кемелер тоқтады, б­а­лық­шы қауым ел асып, жер асып, өзге су айдындарын кезіп кетті. Ал дипломды Мұса механигіңіз аудандық ауру­ханада «техника және еңбек қауіпсіздігі инженері» болып жұмыс істе­ді. Осында ол табаны күректей 32 жыл еңбек етіпті. Дема­лысқа 2000 жылы, 71 жасында шығады. Сонда барлық еңбек өтілін есептесек, 58 жыл екен. 58 жыл!..Бұл дегеніңіз – еңбектің шыңы. Өр­ме­­­леп жылан шығатын емес, қыранның қа­наты талып, әзер шығатын шыңы. Сол шың­ды бағындырған «альпинист» Мұса­ңыз­дың омырауында «Еңбек үздігі» Ұлы Жеңістің 50, 60, 65 жылдық мерекелік медальдарымен және ондаған мақтау гра­моталарымен қатар, «1941-1945 жыл­дар­дағы соғыс ардагері белгісі де бар. Бұл – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкі­мет­тері басшыларының 1999 жылғы 8 қа­зандағы Кеңесінің шешімімен беріл­ген награда. Бұл да сирек марапат. Ал соғыс ардагерлеріне жеңілдік куәлігі 1992 жыл­дың 13 тамызында ғана қолына тиген. Демек, ол соғыс және еңбек ар­дагері екен.Ш.Дәрмағамбетұлы,Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, Арал ауданының құрметті азаматы.Қызылорда облысы,Арал қаласы.Суретте: М.Сарымбетовтің боз­­бала шағы мен қазіргі кезі.