• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
25 Шілде, 2012

«Бибігүл Төлегенованың әкесін Өрелде атты. Ал мен болсам, каторгамен құтылдым»

467 рет
көрсетілді

«Бибігүл Төлегенованың әкесін Өрелде атты. Ал мен болсам, каторгамен құтылдым»

Менің атам Көпен Дадыров сонау аласапыран заманда «халық жауы» атанып, 1937-1957 жылдар аралығында 20 жыл бойы Сібірде су ішерлігінің арқасында елге аман-сау тірі оралған еді. Жазықсыз жабылған «жаласын» Краснояр өлкесінің Ирбейск ауданындағы Степановск лагерінде өтеді. Тар жол, тайғақ кешумен, адам баласы төзгісіз азапты күндерді басынан өткерген атамның естелік әңгімесін кейінгі ұрпақ сабақ алсын деген ниетпен газетке беріп отырмын.

 

Менің атам Көпен Дадыров сонау аласапыран заманда «халық жауы» атанып, 1937-1957 жылдар аралығында 20 жыл бойы Сібірде су ішерлігінің арқасында елге аман-сау тірі оралған еді. Жазықсыз жабылған «жаласын» Краснояр өлкесінің Ирбейск ауданындағы Степановск лагерінде өтеді. Тар жол, тайғақ кешумен, адам баласы төзгісіз азапты күндерді басынан өткерген атамның естелік әңгімесін кейінгі ұрпақ сабақ алсын деген ниетпен газетке беріп отырмын.

Көпен Дадыровтың есте-лігі: «1934 жылы Семейден комвузды бітіріп Шорнауа селосындағы почта басшы-лығына бекітілдім. Шорнауа ауылдық кеңесіне Шыңғыстай, Бобровка, Сармөңке, Матвеевка мұндағы мекендерге қарай-тын еді. Кешікпей мұндағы атқамінер азаматтарды атып-асып, сібірге айдау басталды. Сол нәубет менің де басыма келді. Ол кезде ОЧПК-ның орталығы (Особая Чингистайская пограничная комендатура) Өрел селосында еді. Коменданты Филатов, отряд бастығы Иронин деген болатын. Сол Иронин мені комен-датураның астындағы су төгіп, мұз қылып тастаған карцерге жеті күн қамап қинады. Наганмен ұрып жағымды сындырып, тістерімді қаусатты. Айтатыны, Кеңес өкіметін құлатпақ болдым деп хаттамаға қол қой дейді. Есім кіресілі-шыға­сылы, бірде көзімді ашсам, төбемде топырақ кесек салбырап тұр екен, соны тырналап жүріп арпадай асап жедім де, қалғанын қалтама салып алдым. Жеті күннен соң подвалдың бір бөлмесіне әкеліп тықты. Он екі адамбыз. Ортамызда жалғыз орыс аупарткомның бірінші хатшысы Герасимов (қазақтарға жанашырлық жасағаны үшін ұсталған), аупарткомның екінші хатшысы Ахмет Төле-генов (Бибігүл Төлегено-ваның әкесі) бар. Қызмет бабымен бұл кісімен сан кездес-кен едім. Домбыраға қосы-лып ән де салатын қоңыр дауысты жайдары адам еді. Қу сүйегі қалған, өздігінен орнынан тұра алмайды. Тағы бір шырамытқаным – Жұртбай Тоқтағанов дейтін Топқайың-ның азаматы болды.1937 жылдың 29 желтоқ-санында таңертең бәрімізді тысқа шығарып, тау етегіне айдап әкелді. Ор қазып қойған екен, соның жиегіне тұрғызып қойып, үкім оқыды. Халық жауы ретінде он екіміз түгел атылатын болыппыз. Біреулер жылады, кейбіреулер шөкелеп отыра кетті. Солдаттар мылтық кезене бергенде Пронин атпен шауып жетті де: «Дадырову каторга, 8 лет, остальных расстрелять», деді. Көзімді жұма қойдым. Гүрс-гүрс мылтық атылды. Көзімді ашсам, он бір адам қанжоса боп орда жатыр екен. Жаным түршігіп кетті.Ахмет Төлегеновті Алма-тыға апарып атыпты деген сөз бар. Оның бәрі лақап. Оны таратқан жазалаушы мекеме адамдары. Артындағы туыстарын адастыру үшін хаттамаға басқа  бір жерді жазып, өлген жерін солай жасырады. Ахмет Төлегеновтің сүйегі Өрелде, комендатураның жаңадан са­лын­­ған ғимаратының астында жатыр.Жоғарыдағы үкімнен кейін мені Қатонға алып келіп, түрмеге қамады. 1938 жылдың қаңтар айының басында қақаған аязда  итжеккенге айдау басталды. Жолдағы тозақ-ты артқа тастап, Игарка өзенінің жағасына да жеттік. Бір зонада бес барақ, әр барақта 2-3 мың адам. Барақтың сыртын қармен көміп, сумен қатырып тас-таған. Кешке таман әр бригададан 10-15 кісі бөлініп отын дайындаймыз да соны барақ-тың ортасына жағып жылынып кептірінеміз. Күнде кешкісін тексеру жасалып, жараланғандарды, аяқ-қолы сынғандарды алып кетеді. Оларды қайда әкететінін де білмейміз.Жаз да шықты. Өзеннің айналасы толған өліктер. Қыс-тайғы алып кеткен ауру-сыр-қауларды ломмен ұрып өлтіріп ойыққа тастайды екен. Жаз шыға кесілген ағаштармен бірге ағып кететін көрінеді. Мұндай сұмдықты да көрдік».Бұл әңгіме төр Алтайдағы Қатонқарағай ауданының өр Қаратай елінің сүйегіне кеңестік тоталитарлық жүйе-нің салып кеткен қасірет таңбасы іспеттес.Тілеубай ДАДЫРОВ,естелік иесі,  Көпен Дадыровтың немересі.Шығыс Қазақстан облысы,Қатонқарағай ауданы,Солдатов ауылы.