• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
25 Шілде, 2012

Ыбырайдың шашы

692 рет
көрсетілді

Ыбырайдың шашы

Бірде қос рельске түсіп ап, Торғайға қарай зырғыған пойызда әңгімешіл азаматтармен жолаушылас болдым. Сонда жол бойы танысын іздеп елегізген көрші вагондағы әлдебір жігіттің шаш қою үлгісі дуылдай айтып келе жатқан әңгімемізді шиеленістіре түсті. Жас шамасы шаңырақ көтеруге жарап қалған еңселі жігіттің желбіреген тұлымы өзіне жарасып тұрғанмен, сол жердегі бір ағамыздың ашуын оятып жібергендей болды. «Көрдің бе, бүгінгінің жастары қандай? Қазақтың шаш қою үлгісін білмейді. Осы жасқа келіп, тұлым қойып алғаны несі?» – деп наз білдірді.

 

Бірде қос рельске түсіп ап, Торғайға қарай зырғыған пойызда әңгімешіл азаматтармен жолаушылас болдым. Сонда жол бойы танысын іздеп елегізген көрші вагондағы әлдебір жігіттің шаш қою үлгісі дуылдай айтып келе жатқан әңгімемізді шиеленістіре түсті. Жас шамасы шаңырақ көтеруге жарап қалған еңселі жігіттің желбіреген тұлымы өзіне жарасып тұрғанмен, сол жердегі бір ағамыздың ашуын оятып жібергендей болды. «Көрдің бе, бүгінгінің жастары қандай? Қазақтың шаш қою үлгісін білмейді. Осы жасқа келіп, тұлым қойып алғаны несі?» – деп наз білдірді.

«Кешіріңіз,аға, сонда қазақ­тың шаш қою үлгісі қандай бол­ған? Білсеңіз айта отырыңыз», – дедік біз. Сол-ақ екен, артта отырған сөзі шымыр бір жігіт: «Қазақтың тарихи тұлғаларының барлығының дер­лік өмірі мен атқарған еңбек­терімен толық­қанды таныс болмасам да, көбі­нің оқулықтағы сурет­тері көз алдымда. Тек Ыбырай мен Шоқан демесек, көбінің басында дулыға мен бөрік бар. Не басында шаш болғанын, не қасқабас екенін  аңғару қиын», – деп тақырыпты одан сайын тұздықтады.Әрине, бұл сөз ұтымды ай­тыл­­ғанмен, ол қазақтың шаш қою үлгісіне толыққанды жауап бере алмады. Бірақ жоғарыдағы тұлым­ды тілге тиек еткен аға­мыздың жүйелі түрде бастаған әңгімесі сөз­дің нақты аяқталуына жол ашты.«Мен ешқандай тарихшы, әдебиетші де емеспін. Жай ғана, фи­зикпін. Тәжірибеме сүйеніп, ес­тігенім мен түйгенімді айтып отырмын. Ал, Ыбырайға келер болсақ, оның шашы өте селдір болған. Елдің суреттен көріп жүр­ген Ыбырайының шашы та­би­ғи емес, жасанды», – деді отағасы.Бұл әңгіменің шет-жағасын университет қабырғасында жүріп естіген едім. Енді міне, пойыздағы физик ағамыздың аузынан екінші рет білуім. Ары қарай, ортадағы әңгімеге назар аударғаным жоқ. Өйткені, мұнда отырғандардың дені Ыбырайдың «Кел, балалар, оқылық» деп алғаш ағартушы ретінде ұран салғанынан ғана хабардар жандар-тын. Ал, мен болсам журналистік әдетіме басып, осы тақырып төңірегінде ұзын ойдың жетегінде кеттім. Нәти­жесінде, Алматыға барған соң осы тақырыпта зерттеу мақала жазып, тілшілік парызымды өтей­мін деген шешіммен өз-өзіме уағда еттім.

ХІХ ғасырда қазақтың күңгірт көгінде жарқыраған жұлдыздар­дың бірі Ыбырай болғаны әмбеге аян. Ол өзінің туған халқы тұң­ғиыққа тіреліп тұрған сәтте, мүл­гіген сахарада білім шырағын жарқыратып жағу үшін бар өмірін сарп етті.Өткен жылы Ақтөбеде Іңкәр Қарашаева есімді жас ғалымның: «Aлғашқы зерттеуім Ыбырай Алтынсарин атамыздың мектептер­дің ғана емес, тұңғыш кітапхана ұйымдастырушысы болғанын да анықтауға арналды. Зерттеу барысында қызықты деректерге тап болдым. Ы.Алтынсарин білім алған Орынбордағы мектептің суреттерін таптым. Атамыздың басына жасанды шаш – парик кигенін білдім. Жобамды кейін Кіші ғылым академиясында қор­ғадым, мақтау қағазына ие болдым», – деген сөзі есімде. Жас ғалым бұл пікірін «Ақтөбе» атты облыстық басылымда білдіріпті. Қанша мәрте Іңкәр Қарашаевадан Ыбырай атамыздың Орынбор­дағы фотоларын сұрауға талпын­ғаныммен, ақтөбелік жас ғалым­мен жолығудың да, кезігудің де сәті түспеді. Дегенмен, бұл мәлі­мет Ыбекеңнің жасанды шаш қойғандығы туралы мақаламызға тұздық болып, одан әрмен зерттеу жүргізуімізге мұрындық болғандығын жасырмаймыз.Жә, содан… Иә, егер, Ыбырай Алтынсарин жасанды шаштың көмегіне иек артқан болса, тек алғашқы ағартушы, тұңғыш кіт­ап­хана ұйымдастырушы ғана емес, қазақтардың арасынан бі­рінші болып «парик» киген тұлға ретінде тарихқа енбек. Ағарту­шы­лығын Ғ.Балғымбаев сынды белгілі ғалымдар егжей-тегжейлі зерттеп жазды. Кітапхана ұйым­дастыру­шылығы жайында да зерттеулерге сүйеніп, мақаламыз­ды сериялы түрде оқырман назарына ұсына­мыз деген ой бар. Ал, бүгінгі жасанды шаш туралы жазбамызды одан әрі сабақтас­тыра түсейік.Париктің тарихына сүйенсек, есте жоқ ескі заманда Мысыр халқы пайдаланған деседі. Тіпті, мысыр­лықтар үшін парик қию үйреншікті әдетке айналса керек. Кейін көне гректердің ерлері де, әйелдері де парикті әдетке айнал­дырған. Содан Парсы еліне тарап, Кіші Азияға дейін қолда­нысқа еніпті.ХVII ғасырда салтанат құрған француз королі Людовик те қа­терлі аурудан басын көтергенде, күтпе­ген жерден шашы түсе бастайды. Сол кезде көпшілік алдында көп жүретін король үшін парик таптырмас құрал еді. ХVII ғасырда француз королінің басынан та­былған парик ХVIIІ ға­сырда орыс империясының да жеріне келді. Оны алғаш болып киген әрине орыс патшасы Петр І болатын. Бұл жасанды шаш бар-жоғы 5 рубль тұрғанмен, орыс патшасы арзан­дығына қарамас­тан қолдана беріп­ті. Тіпті, сол кездегі әйелдер қа­уымы парик киюді әдептіліктің белгісі ретінде қабылдапты. Ежелгі Рим халқы қара түсті парик киген адамды ұқыпты адамдардың санатына жатқызды. Ал, Ыбырайдың бізге жеткен бейнесіне көз салсақ, ша­шының қара түсті болғандығын аңғару қиын емес.Біле білсек, Ыбырай жаңа­шыл қазақ. Еуропаша білім ал­ған­мен, жүрегі қазақ деп соққан, батысша парик кигенмен, жүріс-тұрысы көп қазақты еске салатындай ұлтжанды адам болған. Бұл туралы қазіргі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Орталық Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі Ыбырай Алтынсарин туралы зерт­теуінде: «Ыбырай семьялық өмірде айрықша салтанат құруды жек көреді. Оның үйінде күнде­лікті тұрмысқа қажетті нәрселер­дің тәуірі ғана аса ұқыптылықпен ұсталып пайдаланылады. Ол өз семьясында қонаққа келген қа­зақ­тарды қазақ салтымен, орыс­тарды арнаулы бөлмесінде орыс салтымен қабылдап, қонақ етуді дәстүрге айналдырады. Сондай-ақ, өздері қонаққа барғанда да осы тәртіпті негізге алады. Мысалы, Айғаныс (Ыбырайдың әйе­лі) үй ішінде немесе ауылдас адам­дардың үйлеріне қонаққа барғанда жаулық тартып баратын болса, орыс таныстарының үйле­ріне ерімен барғанда мақпал қам­зол, кәмшат бөрік киіп барады», деп жазады. Ендеше, Ыбырайды ұлттан алыстаған, орыстанған деп басы-көзі жоқ сол кездегі кінәлаған халықтың пікірін бү­гін­гі тарихқа таңуға жол жоқ.Ыбырай Алтынсарин қайтыс болғаннан кейін үйінен бір сан­дық крест табылыпты деген  қауе­сет елге тарап кетсе де,  ол  империя заңының талабы бойынша қазақ балаларын шоқын­ды­руға бірде бір акт жүргізбеген деген ақиқи шындықпен аман қал­ды. Тіпті, 2012 жылдың 15 қаза­нында «Жас Алаш» газетінің № 123 санында бұрын ешбір жерде жария­ланбаған 4 шумақ өлеңі жа­­рыққа шықты. Төрт шумақ дей­міз-ау, оны тауып, қағазға түсір­ген Ыбы­рай Алтынсариннің мұ­ра­лары мен оған қатысты дерек­терді жинаған Мариям Хакім­жанова екен. Анамыз: «Өлеңнің басы, аяғы жоқ. Айтушының есінде қалғаны осы», деп атап өткен. Егер, сол өлеңінен үзінді келтіре кетер болсақ:… Аласы ағайынның алаң­дат­ты,Көре алмай көп ішінен жамандатты.«Шоқынды», «крест тақты», «әй кәпір деп»,Аузына келгендерін айтып бақты, – деген жолдардан тұ­рады. Бар қазақтың санасын білім сәу­ле­сімен нұрландырмақ болған Ыбырай Алтынсаринді айыптау қазақ­ты­ғы­мыз­ға сын. Өйткені: «Мен күшімнің жеткенін­ше туған еліме пайдалы адам болайын деген негізгі ойым­нан, талабымнан еш­уа­қытта да қайтпаймын», деп қай­сарлық­пен жазған (Ыбырай Алтынсарин. Таза бұлақ: өлеңдер, әңгі­мелер, хаттар, очерктер – Алматы. «Жазушы», 1988, 271-б.) Ыбе­кеңнің сөзінен-ақ «орыстан­ған» деген ос­падар сөзді ұмы­туымызға болады.Ұлы ағартушы туралы зерттеу мақаламыздың «жұп-жұмыр» ету, тақырыбымыздың көтерген мәсе­лесін толықтай түсу үшін Қос­танай облыстық Ы.Алтынсарин мемо­риал­дық мұражайының директоры Нағашыбай Мұқатовқа телефон шалдық. Мұражай директоры са­уалымызға жазбаша жауап жіберді. Онда былай деп жазылған. «Мұра­жайдағы деректерге қарап ой түй­генде Ы.Алтынсарин орта бойлы, орташа денелі болған. Мұның бәрі оның тұлғасына бір жарасымды көрік бергендей болатын. Дөңгелек толық бетті, өңі қара торы да емес, өзінің қонаққа не қызметке киетін паригі түстес ақсарылау адам еді. Жас кезінде шашы сиректеу болып, кейін басының кей жерлерінің шашы түсіп қалған­дықтан, ол 10-15 күнде бір рет шашын қырғызып тастайтын. Қызметке парикпен барса, үйде тақия немесе шошақ, жиегі құн­дызбен көмкерілген жұмсақ кіші­леу бөрік киетін. Үстіне бешпет пен ұлттық шапан, ал, қабыл­дауларға барғанда өз бойына жараса кететін қос қайырма жағалы, шұға қара костюмы болған. Аяғына кәдімгі калошы бар етік, ал, ел арасына шыққанда пима киетін», деп жазылыпты.

Ыбырай Алтынсариннің па­ри­гі пойызда басталған әңгіме болатын. Бірақ, ойымызды жинақ­тай келе, ұлы ағартушының оны ба­тыс­­тағы­дай сән үшін емес, мұқ­таждықтан тұтынғандығын аңға­руға болады. Мұның үстіне, Ыбе­кең үйінде жатып жазу-сызумен айналысқан адам емес. Мектепте ұстаз, одан қалды Торғай бекіні­сінің мұғалімі болуымен қатар, сол қаланың тіл­машы да қызметін атқарды. 1871–1872 жыл­­дары Тор­­ғай уезі басты­ғы­ның жәр­демшісі, 1874 жылдары Орынбор генерал-губернаторы­ның тапсыруымен төрт рет, әрқайсы­сында бірнеше ай бойы Торғайдың уез­дік судьясы болып қызмет атқар­ды. «Арғымақтың тұқымы басқа жақсысы боз болар, жігіттің жақ­сысы қасқа болар», дегендей, Ыбы­рай Алтын­са­риннің атқарған қызметі парик­тің көмегін пайда­лануға әсер етті.Жандос БАЙДІЛДА,журналист.Алматы.