• RUB:
    5.48
  • USD:
    474.09
  • EUR:
    514.01
Басты сайтқа өту
Президент 17 Желтоқсан, 2018

Атыраулықтар «Елбасы жолы» фильмін тамашалады

294 рет
көрсетілді

Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде өткен кинофильм көрсетілімін 200-ге жуық көрермен тамашалады,  деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Көрермендер фильмді көргеннен кейін әсерлерімен бөлісті.

- Сол кездегі тарихи жағдай,  Елбасының Астана ауысқан кездегі басты бағдары қандай болды,  қандай қиындықтар кездесті,  соның бәрін фильмнен көрдік.  Астана - XX, XXI  ғасырлардағы салынған әлемдегі бірегей астана,  әдемі де жайлы қала. Фильм арқылы  Елорданың қалай салынып, қалыптасқанына куә болдық, - дейді Атырау қаласының тұрғыны Майра Таукеева.

Фильмнің алғашқы көрсетіліміне қатысқан Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев әсерімен бөлісті. 

- Бұл фильмде жаңа Астана салынған кездегі барлық қиыншылықтар,  осы жолдағы Елбасымыздың қол жеткізген табыстары жайлы айтылады.  Мен кинофильмнен керемет әсер алдым,  оның бәрін сөзбен жеткізу мүмкін емес.  Мемлекет басшысының астананы ауыстыру туралы шешімі алысты болжаған өте ақылды қадам болды,  бүгінгі Астана әлем астаналары арасында ең әдемі,  қазіргі заманғы Елорда ретінде белгілі.  Бас қаладағы сәулетті ғимараттарды Атырауда да салу жоспарда бар.  Баршаңызға уақыт тауып осы көрсетілімге келгендеріңіз үшін алғыс айтамын,  фильм өте қызықты болды, -деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.