Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанға әсерін тигізген антициклон алдағы күндері әлсірей бастайды. Аяз күшейіп Батыс Сібірдің орталық аудандарына ауысады. Ол циклон Қазақстанға әсерін тигізеді. Сондықтан алдағы демалыс күндері және дүйсенбіде елімізде аязды, көбіне жауын-шашынсыз күн райы болжанып отыр. Республиканың жекелеген өңірлерінде қар жауып, оңтүстік және оңтүстік-шығыс, батыс аймақтарда тұман түседі, көктайғақ болады. Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс облыстарында түнде ауаның температурасы 30...39°С-ға дейін төмендейді.
Қазақстан
•
21 Желтоқсан, 2018
Демалыс күндері еліміздегі өңірлерде 39°С дейін аяз болады
496 рет
көрсетілді