Кеше италияның Сицилия аралында Этна жанартауының атқылауы басталды. Белсенді вулкан салдарынан жер сілкінісі де болды.
Италияның геофизика және вулканология ұлттық институты осы кезде 130-дан астам сейсмикалық дүмпулер санады, олардың ең жоғарғысы 4,0 магнитудаға жетті.
Естеріңізге сала кетейік, 20 қарашада Гватемалада Фуэго жанартауы атқылап, нәтижесінде 4 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Вулканнан атқылаған күл 7 километрге дейін жеткен. Биіктігі 3,7 км-ге жуық жанартау Гватемала аумағында ең белсенді болып саналады. Айта кетейік, шілде айында Фуэго жанартауының атқылауынан кем дегенде 120 адам қаза тауып, 300-ге жуық адам хабар-ошарсыз кеткен.