• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
25 Желтоқсан, 2018

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2019 жылды цифрлы жинақ жылы деп жариялады

473 рет
көрсетілді

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2018 жылды табысты аяқтады деп тұжырым жасауға толық негіз бар. Жекелей алғанда қаржылық ұйым жаңа өнімдердің тұсауын кесіп, салымшыларының басым бөлігіне онлайн-қызмет көрсетуге көшті.  

Бүгін банктің басқарма мүшелері Алматыдағы Қазақстан баспасөз клубында БАҚ өкілдерімен кездесіп, 2018 жылдың қорытынды баспасөз мәжілісін өткізді.

2018 жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі үй сатып алуға арналған заемдардың рекордтық санын ресімдеді. Жыл басынан бері банктің 36 790 салымшысы қоныс тойын атап өткен. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай жоғары көрсеткіш. 2017 жылы 28 673 заем берілген болатын.

Биыл Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қазақстандық ипотекадағы үлесі 63%-ды құрады.

2018 жылы ресімделген несие саны бойынша бірінші орында Астана тұр (барлығы 7 739 несие). Екінші орын Алматы қаласына тиесілі болса (5 786), үшінші орында Ақтөбе облысы тұр (3 696).

– Жалпы, банк жұмыс істеп келе жатқалы бері 170 мыңдай қазақстандықтың тұрғын үй жағдайын жақсартуға көмектестік. Қазір Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде 119 мың несие бар. Олардың айтарлықтай бөлігінің, яғни 27 мың заемшының айлық табысы 50-100 мың теңге аралығында. 19 мың заемшы 100-140 мың теңге көлемінде жалақы алады. Ал 13 мың клиент 50 мың теңге табыспен де заем ресімдеп, үйлі болды. Бұл бірегей тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің арқасында мүмкін болып отыр. Ол табысына қарамастан кез келген адамға баспаналы болуға жол ашады. Ал банктегі депозитін ай сайын тұрақты түрде ұсынылған сомаға толықтырып отырған клиент үшін төлем қабілеттілігін растау тәртібі жеңілдетілді, – дейді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Болашақ баспана үшін ақша жинауға келгенде салымшыларға мемлекет те көмектесіп отыр. Банктің барлық салымшылары бір жыл ішіндегі шотқа салған ақшаның 20%-на тең соманы мемлекеттік сыйақы түрінде ала алады.

Мәселен биыл бейне-байланыс арқылы кеңес алу, депозитті онлайн-режимде сатып алу мүмкіндіктері пайда болды. Қазіргі таңда онлайн қызметті пайдаланатындар саны 80 пайыздан асқан.