• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
26 Желтоқсан, 2018

Балаларға базарлық

735 рет
көрсетілді

Алматы қаласындағы Же­ті­су ауданының кішкентай тұр­ғындары Жаңа жыл қар­саңында түрлі сыйлықтарға кенелді. Балдырғандарға ай­рықша қуа­ныш сыйлаған игі бастамаға жер­гілікті әкім­дік мұрындық болған. Түрлі сый-сияпаттар ең алды­мен әлеуметтік тұрғыдан аз қам­тылған отбасылардың балаларына таратылды. Ұйым­дастырушылар арнайы тізім бойынша үй-үйді аралап, балалардың өнерін тамашалап, базарлықтарын үлестірді. Осылайша бас киім, қолғап, неше түрлі тәттілерге толы қо­рапшалар мен кәдесыйлар өз иелерін тапты. Өрендердің бал-бұл жайнаған жүзінен шат­тықтың лебі еседі. 

Биыл бұл шара алғаш рет қолға алынып отыр. Бұдан бөлек, Первомай шағын ауда­нындағы Мәдениет үйінде мере­келік шырша шарасы өтті. Оған тұрмыс жағдайы төмен отбасылардан шыққан 100 бала шақыртылған.

«Жетісу ауданы бойынша 165 аз қамтылған отбасы­ бар. Сол отбасыларда 241 ба­ла тіркелген. Ниетіміз – бірде-бір баланы назардан тыс қал­дырмау. Бала – елдің бо­ла­ша­ғы. Әсіресе жағдайы тө­мен отбасында тәрбиеленіп жат­қан балалар мен ата-ана қамқорлығынан айырылған жеткіншектерге үнемі қолдау көрсетуіміз керек», дейді Ал­маты қаласы Жетісу ауданы әкі­мінің орынбасары Вячеслав Вавилин.

Арман ОКТЯБРЬ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ