• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Желтоқсан, 2018

Павлодарда «Рухани жаңғыру» аясында 178  жоба іске асырылды

329 рет
көрсетілді

Облыстық ішкі саясат басқармасының  хабарынша, Елбасының  «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған мақсаттарын орындау үшін  өңірде облыстық, қалалық және аудандық білім беру бөлімдері, оқушылар, студенттері, білім беру, тілдерді, мәдениетті  дамыту, ішкі саясат басқармалары,  жергілікті Ассамблея, мәдени орталықтар, музейлер белсене қатысуда.

«Мектебіме тағзым» шарасы бойынша  мектеп бітірген түлектердің  демеушілік көрсетулері барысында 309,0 миллион теңгеге  298 мектепке көмек жасалды.

Жалпы, мектептерде 50-ден аса «Рухани жаңғыру» кабинеттері ашылды.  Әр мектепте   «Асық ойындары ату» секциясы жұмыс жасауда.

Сонымен бірге,  оқу бағдарламасына  сай «Өлкетану»  оқулығы құрастырылды.   Оқулық  29946 данамен  басылды. Алдағы жылы мектептерде оқытыла бастайды.

Балалар бейнелеу өнері мектептерінің тәрбиеленушілері «Ертіс өңірінің сакралды жерлері балалардың көзімен» атты жоба шеңберінде 70-тен аса сурет салды.

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде қазақ тілінің латын графикасына сатылап көшу бойынша 4 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арнайы «Àlippe» электрондық оқулық кешенін жасауда.

Ал, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 оқулық» атты жобаны іске асыру мақсатында тарих, философия, саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану, психология пәндері бойынша студенттерге білім беруде.

Қазақ тіліне аударылған жаңа 7235 оқулықпен қамтамасыз етілген

«Тарих толқынында» жобасы бойынша мектептерінің сайттарында виртуалды музейлер ашылуда. Бұл бағытта 216 фотоальбом, кітаптар шығарылып, 46 қысқа метражды фильм әзірленді.

Облыстағы кітапханаларда 25 коворкинг-орталығы ашылды.

Өңірдегі Екібастұз қаласының ауылдық аумағында, Ақтоғай, Ертіс, Баянауыл, Железин, Май, Павлодар және Шарбақты аудандарында кешенді зерттеулер ұйымдастырылып, 67 сакралды нысандар ғылыми түрде белгіленді.  

Облыстың сакралды жерлерінің картасына 41 нысан енді.  

Кешенді зерттеулер қорытындысы бойынша облыстың сакралды нысандары туралы ғылыми-көпшілік фильмі түсірілді.

Өңірде  Мәшһүр Жүсіптің, Шәкәрім атамыздың  160-жылдығы, Мұса Шормановтың 200,  Бұхар Жыраудың 350,  Естай Беркімбаевтың 150, С.Торайғыровтың 125 жылдығы  «Ұлы дала» этно фестивалінде   5 кіші ауылға бөлініп, аталып өтті.  Сонымен бірге, «ERTIS CINEMA» қысқа метражды кинолар мен деректі фильмдердің І Халықаралық фестивалі өтті. 

Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласында айтылған «Жаһандық әлемдегі қазақстандық заманауи мәдениет» атты арнайы жобасы бойынша

И. Байзақов атындағы облыстық филармонияның симфониялық оркестрі Италияның Рим, Неаполь, Милан, Флоренция, Бари, Генуе, Турин қалаларында 22 гастрольдік концерт өткізді.  

Биыл облыс  орталығындағы Ертіс өзені жағасында амфитеатр салынып, жазғы уақытта  «Ертіс Promenade  демалыс күндері  мәдени-шаралар өткізді.

Фарида БЫҚАЙ

 «Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР