• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Әлем 28 Желтоқсан, 2018

Бүркітші қыз Айшолпан Моңғолияда жоғары марапатқа ие болды

1062 рет
көрсетілді

Бүркітші Айшолпан Нұрғайыпқызы Моңғолияда жоғары марапатқа ие болды, деп хабарлайды gogo.mn сайты.

«Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулганың жарлығына сәйкес Баян-Өлгей аймағы Өлгей сұмынының мектеп оқушысы, бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы «Алтангадас» («Темірқазық жұлдызы». Сөзбе сөз «Алтын жұлдыз» деп аударылады - авт) орденімен марапатталды», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бүркітші Айшолпан Нұрғайып «The Eagle Huntress» атты өзі туралы деректі фильмнен кейін әлемге танылды.