• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Әлем 30 Желтоқсан, 2018

Софияда Астана көшесі ашылды

400 рет
көрсетілді

Астананың 20 жылдық мерейтойына орай Софияда «Астана» көшесінің ашылуына арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Іс-шараға Болгария Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, «Қазақстанмен достық үшін» парламенттік тобының мүшесі - депутат Борис Янчев, София қаласы мэрінің орынбасары Дончо Барбалов, София облысының мэрі Илиан Тодоров, Қалалық Маслихат кеңесшісі Симеон Славчев, Қазақстан Ұлттық футбол құрама командасының жаттықтырушысы Станимир Стоилов, бокстан әлем чемпионы Кубрат Пулев, дипломатиялық корпус, Болгарияның іскер, ғылыми, сарапшлық топтарының және БАҚ-тар және қазақ диаспораның өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында ҚР Болгариядағы дипломатиялық миссиясының басшысы Теміртай Ізбастин Астана қаласының даму тарихы туралы жан-жақты айтып берді. Өз кезегінде, София қаласы мэрінің орынбасары Д.Барбалов «Астана» көшесі Софияның ең әдемі орындарының бірінде орналасқандығын атап өтті.

Салтанатты іс-шара аясында белгілі Болгар композиторы мен әншісі Орлин Горановтың орындауында «Астана» атты әні шырқалып, әннің CD дисктері мен ҚР Дипломатиялық миссиясы әзірлеген Қазақ-Болгар тілашарлар таратылды.

Атап кетерлік жайт, «Астана» көшесі София орталығында «България» даңғылының қасында орналасқан.