• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Қаңтар, 2019

Астанада аяз күшейді

538 рет
көрсетілді

Жаңа жылдың алғашқы күндері елордада күн райы аязды болады, деп хабарлайды  «Қазгидромет» РМК.

2 қаңтарда қалада көшпелі бұлт шығады, қар жаумайды. Оңтүстік батыстан жылдамдығы 2-7 м/с жел соғады. Сынап бағанасы түнде -23-25°С, күндіз -17-19°С көрсетеді.

3 қаңтарда да көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -25-27°С, күндіз -17-19°С құрайды.