Жаңажылдық мереке күндері Астанада 70-тен астам жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жол-көлік оқилары кезінде зардап шеккендер болмады. 2018 жылғы 31 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін 7 жүргізуші көлікті ішімдікке масайған күйінде басқарғаны үшін ұсталды. Оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, автокөліктер коммуналдық автотұраққа қойылды», - делінген Астана қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінде. Сондай-ақ, Астанада жаңажылдық демалыс күндері 70-тен астам қылмыс тіркелді.