• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
21 Мамыр, 2012

СӨЗСОЙЫЛ: “Жегісі” келетіндерге арналған мақал-мәтелдер

1735 рет
көрсетілді

СӨЗСОЙЫЛ: “Жегісі” келетіндерге арналған мақал-мәтелдер

Дүйсенбі, 21 мамыр 2012 0:01

Жәй жүргеннен “жей” жүрген жақсы.

 

Дүйсенбі, 21 мамыр 2012 0:01

Жәй жүргеннен “жей” жүрген жақсы.

***

Жемқорлық «жетістікке» жеткізеді.

***

Жеген – жегендікі,Пайда – кедендікі.

***

Шенеуніктің жалаңдағаны – “жеймін” дегені.

***

Оңды-солды жегенге жұт жоқ.

***

Тартып жеген тоқ болар,Табысы да көп болар.

***

Қор болмаймын десең қымқыра бер.

***

Бұра тартсаң – бұрын жетесің.

***

Қалтаға түскен қайыршы болмас.

***

Депутат дегеніне мәз,Шенеунік жегеніне мәз.

***

Қалтасында бары – қарнынан белгілі.

***

Құлқын мен қалта тоймайды.

***

Аузыңды ашқанша,Араныңды аш.

***

Пайданы ойламаған бас – қалтаның соры.

***

Жұртқа жетпеген ақша жымқыруға жетеді.

***

Қызметінде пара алмаса,Баиймын деу – далбаса!

***

Жегісі келген құлқынын жасырмас.

***

Опырып жегеннің орны жайлы.

***

Парақордың күні қолға телмірумен өтеді.

***

Парақор білімсізді қалар.

***

Қарын – құлқынның әміршісі.

***

Қазынаға жақын болсаң қарпып қал.

***

Дәмету де дерттің бір түрі.

***

Қалтасы қалыңға қатер жоқ.

***

Қанағат етсең аш қаласың,Құлқыныңды тойдырсаң бас боласың.

***

Қымқырған қырға шығады.

***

Басқалар әкелсін десең, өзің де бер.

***

Дүние үшін жан пида!

***

Бірнәрсе бермесең жұрт та соңыңнан ермейді.

***

Таныссыз талпынбас болар.

***

Талапсыз талапкердің орнына теңгесі сөйлейді.

***

Ақшасы барда бөсті,Ақшасы жоқта – өшті.

Үміт Зұлхарова.

Астана