Президент • Бүгін, 15:18

Енді елімізде шетелдіктердің жүріс-тұрысы қатаң бақыланады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратурада өткен жиын барысында көші-қон үдерістерін жаппай цифрландыруды өте өзекті мәселе ретінде атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Енді елімізде шетелдіктердің жүріс-тұрысы қатаң бақыланады

фото: r-factor.kz

Мемлекет басшысы көші-қон үдерістерін жаппай цифрландыру өте өзекті мәселе екеніне тоқталды.

«Баяғыдан бері талқылап жатырмыз, дұрыс, оң нәтиже аз. Қазір әлемде күрделі ахуал қалыптасып отыр. Дүние жүзінде кең ауқымды көші-қон жүріп жатыр десек, қате болмайды. Қоныс аударғысы келетін шетелдіктер үшін Қазақстан – басқа елдерге өтуге де, тұрақтап қалуға да қолайлы мемлекет. Елге келген шетел азаматтарын уақтылы есепке алып, олардың жүріс-тұрысын бақылайтын техникалық құралдарды жетілдіру – аса маңызды міндет. Үкіметке Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, осы жұмысты тездетуді тапсырамын», деді Президент.

Еске сала кетейік, Президент Бас прокуратурада жиын өткізіп, елімізде ауқымды өзгерістер жасалып жатқанын және алдымызда Конституциялық реформа жүргізу, мүлде жаңа саяси жүйеге қадам басу міндеті тұрғанын айтты.

Мемлекет басшысы: Құқық қорғау жүйесін цифрландыру жүйесіз жүргізіліп жатыр

 
Соңғы жаңалықтар