Қоғам • Бүгін, 15:52

Көкшетауда заңсыз балық аулаған 400 адам айыппұл арқалады

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көрікті Көкше өңірінде табиғат байлығына тағылық көрсететіндердің саны азаймай тұр. Өткен жылы 400 адам тәртіпке шақырылып, 8,5 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көкшетауда заңсыз балық аулаған 400 адам айыппұл арқалады

600-ге жуық ірілі-ұсақты айдын көлдің байлығы балыққа құмартушылар тегін олжаға құнығып, тәртіп бұзып жатыр. Ең жаманы, көл тереңінде қалатын Қытай аулары. Ұзындығы әлденеше метр болатын ауларды табиғат қорғаушылар тауып, жағалауға шығарып, залалсыздандырғанымен айдында қалатындары да аз емес. Балықтың қырылу себебінің бірі осы. Заңсыз балық аулайтындар айыппұл арқалайтынын біле тұра, аяқтарын тартатын емес. Ақмола облыстық прокуратурасы аңшылар мен балықшылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Өткен жылы 11 қылмыстық іс қозғалды.

Заңсыз балық аулаушыларға 10 млн теңге айыппұл салынды

Осы деректерді ақыл таразысына сала келе, алдымен адамдардың санасын тазарту керек пе деген ой оралғаны. Қалай болған күнде де айдын көл мен дархан даланың көркі – аң-құсқа абай болуымыз керек-ақ.

Су қоймасынан заңсыз балық аулау торлары табылған

Соңғы жаңалықтар