Иран атом энергиясы агенттігінің басшысы Али Акбар Салехи бейбіт мақсатта тиімді атом энергиясы үшін Ислам Республикасына 20%-ға дейін байытылған уран талап етілетінін мәлімдеді.
«Біз ядролық энергетикада айтарлықтай табыстарға қол жеткіздік. Біздің ғалымдар мен инженерлер өзгелер дайындаған үлгіні көшірмей, реакторды толығымен жасауға дайын. Атом реакторларын құру біз үшін нақты орындалатын міндет» деді Әли Ақбар Салехи.
Сондай-ақ ол Натанзада уранды байыту уақытын едәуір қысқартуға қабілетті жаңа зауыт салынатынын атап өтті.
«Біз әзірге олардың жаппай өндірісін бастамаймыз. Егер бұл туралы саяси шешім қабылданса, біз оған дайын боламыз» деді агенттік басшысы.