Алматыда биатлоннан Қазақстан кубогі сарапқа салынады деп хабарлайды Olympic.kz.
Кубоктік дода жыл сайынғы дәстүр бойынша жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатымен бірлесіп өткізіледі. Бұл бәсекелерге еліміздің бар аймағынан спортшылар қатысады деп күтілуде.
Жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты спринт, із кесу, жекелей сын және аралас эстафета бойынша өтеді. Кубокті сарапқа салушылар да осы бәсекелерде бақ сынайды.
Жарыс 19 қаңтар күні мәресіне жетеді.