Астана қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен 2019 жылы ересектерге қазақ тілін оқыту курсына тыңдаушыларды тіркеу басталды.
Оқыту курсының басты мақсаты – «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын және Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру.
Биыл ересектерге қазақ тілін оқыту курстарына тыңдаушыларды тіркеу 20 қаңтарға дейін жалғаспақ. Ниет білдірушілер Ryhaniat.kz сайты («Оқыту курсына онлайн тіркелу» сілтемесі) арқылы тіркеле алады. Оқыту курсы туралы қосымша сұрақтар бойынша «Руханият» КММ мамандарына 77-93-37 байланыс телефоны арқылы хабарласуға мүмкіндік бар.