• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Қаңтар, 2019

Қазақстанда 130 мыңға жуық жұмыс беруші қызметкерлерінің жалақысын көтереді

398 рет
көрсетілді

130 мыңға жуық жұмыс беруші 705 мың жұмысшының жалақысын көтереді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының Жолдауында айтылғандай 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі еңбекақы алатын жұмысшылардың жалақысын көтеруді жүзеге асыру аясында, елімізде жалпы жұмысшы саны 1,5 млн адамды құрайтын 128,7 мыңға жуық жұмыс беруші 705,4 мың жұмыскердің жалақысын көтеруге дайын екендіктерін білдірді.

1235 кәсіпорын ірі кәсіпкерлік субьектілеріне жатады, 1711 – орташа, 125 мыңы шағын кәсіпкерлік.

Жоғарыда көрсетілген кәсіпорындарда ең төменгі еңбекақы алатын жұмыскерлердің орташа жалақысы 18% өседі, 41,5 мыңнан 55,2 мың теңгеге дейін.