• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Қаңтар, 2019

165 қызмет электронды нұсқаға толықтай ауысты

524 рет
көрсетілді

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкімет отырысында «Электронды Үкіметті» дамыту және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі қаралып жатыр. Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев атқарылып жатқан шаралар мен мәселелер туралы баяндап берді. 

Дәурен Абаевтың айтуынша, еліміздегі электронды үкімет жобасы egov.2 сатысында. 2018 жыл нәтижесі бойынша 165 қызмет тек қана электронды түрде рәсімделуге көшкен. Олардың көбі лицензия, рұқсат алу және сол сияқты бизнесті дамытуға қатысты қызметтер. Өткен жылы электрондық үкімет қызметтерінің тұтынушылары 8500-ге өсіп, 64 жаңа қызмет тіркеліп, 30 миллионнан астам қызмет көрсетілген. 2019 жылы тағы 141 қызметтің электронды түрге ауысуы жоспарланған.