Кеше «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубының бас менеджері Асқар Баталов «Астана» футбол клубының ұжымына жаңа атқарушы директорды таныстырды.
Биылдан бастап еліміздің бес дүркін чемпионын 49 жастағы ағылшын маманы Пол Эшуорт басқарады. Пол ұзақ уақыт бойы өз елінде «Норвич Сити», «Кембридж Юнайтед» және «Питерборо Юнайтед» командаларының құрамында қызмет еткен. Кейіннен ол өз мансабында Латвияда 10 жылдан астам «Венспилс», «Рига» және «Сконто» клубтарында жұмыс істеген.
Сонымен қатар Эшуорт Балтық елдері командаларынан бөлек, «Ростов» (Ресей) футбол клубында спорт директоры, артынша бас бапкердің міндетін атқарушы және нигериялық «Квара» және «Онду Стейт» футбол клубтарында техникалық директор қызметтерін атқарған.
Дайындаған Әли БИТӨРЕ,
«Егемен Қазақстан»