Америкалық DNA компаниясы DeepGestalt бағдарламасын жасап шығарды. Ол жүйе «терең оқыту» алгоритмін пайдалана отырып, фото арқылы генетикалық ауруларды анықтай алады. FDNA-ның бұл зерттеуі Nature Medicine журналында жарияланды. Бұл туралы BBC хабарлады.
Жасанды интеллект адамның суреті арқылы диагноз қою үшін 17 мыңға жуық генетикалық аурулары бар адамның суретін қарастырды.
Тестілеу кезеңінде Deep Gestalt жүйесі бірнеше рет дәрігерлерден асып түсті.
Алайда бұл тест сол адамның келісімінсіз жасалып, құқығының бұзылуына алып келуі мүмкін. Сондықтан DeepGestalt жүйесін тек медициналық мекемелердің емделушілері үшін ғана қолжетімді ету жоспарлануда.