Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Маңғыстау облыстық Жер қатынастары басқармасының басшысы Е.Дүзмағанбетов мәлімдеді.
Маңғыстау облысының Жер қатынастары басқармасы тарапынан 2018 жылы жер қойнауын пайдалану үшін жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен беру жөнінде Маңғыстау облысы әкімдігінің 34 қаулысы қабылданды. Қабылданған қаулылардың негізінде ауылшаруашылық жерлерін өндірістік мақсатта пайдалану үшін жалға беру бойынша 58 млн 401 мың теңгеге есептеліп, бүгінгі күнге дейін 40 млн 643 мың теңгесі бюджетке түскен. Қалған 17 млн 757 мың теңгесі шешім қабылдаған күннен бастап 6 ай мерзім ішінде алдағы уақытта бюджетке өтелетін болады. Сондай-ақ облыс көлемінде 2018 жылы 19 аукцион өткізіліп, көлемі 57,0622 гектар құрайтын 167 жер учаскесі 1 млрд 312 млн теңгеге сатылған және 4 конкурс арқылы 57580,4 гектарды құрайтын 143 жер учаскесі ауыл шаруашылығы мақсатына берілген.
- 2018 жылы жер қойнауын және өзге де жер учаскесін пайдалану үшін «Жер учаскелерін беру және өзге де жер қатынастары мәселелерін қарау жөніндегі» облыстық комиссияның 6 отырысы өткізіліп, кең таралған пайдалы қазбалар бойынша - 26, көмірсутегі шикізаты бойынша – 15, әскери бөлімдер бойынша – 16, инвестициялық жобалар бойынша – 3, магистральдық құбыржолдарға берілген жер учаскелерінің күзет аймақтарын белгілеу бойынша түскен 1 өтініш қанағаттандырылды. Жер қойнауын пайдалану мақсатында уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен басқарма мен жер пайдаланушылар арасында 38 жеке және заңды тұлғамен келісімшарт жасақталды. Сондай-ақ, Бейнеу, Сарға, Таушық, Басқұдық ауылдарының шекарасын белгілеу, алты елді мекен бойынша жерді аймақтарға бөлу, жеке меншікке берілетін жер учаскелері үшін елді мекендердің базалық ставкаларын белгілеу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды, - дейді ол.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы