• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Қаңтар, 2019

Кеше - Цой, бүгін - Гагарин

496 рет
көрсетілді

Арқасын кеңге салып, орындықта паңданып отырған Гагаринді көрдіңіз бе? Иә, сол, адамзат тарихында алғаш болып ғарышқа аттанған Гагариннің дәл өзі. Көрмесеңіз, Алматыға келіңіз. Шаһардағы ғарышкердің атымен аталатын даңғылға жақын жерде орын тепкен орындықтардың бірінде Юрий Гагарин бейнеленген инсталяция пайда болды.

Қойылғанына көп бола қоймаған осынау арт-объект қала қонақтары үшін суретке түсетін керемет орын ғана емес, өткен күннің өшпес белгісіндей көрінеді. Өйткені адамзат тарихында алғаш рет Юрий Гагарин қазақ даласынан ғарышқа аттан­ған болатын. Жоба автор­лары − Жүргенов атындағы Қазақ өнер академиясының студенттері Азамат Қабыл мен Ақылбек Шәкен. Жас туындыгерлерге өз идеясын іске асыруға «BI Group» құрылыс компаниясы қолдау көрсетіпті.

«Біздің ойымызша, скульп­­тура қала ландшафтымен жақсы үндестік тауып тұр. Ша­­һарымызда мұндай нысандар көбейіп келеді. Олардың әр­­бірінің қайталанбас тарихы мен өзіне тән ерекшеліктері бар. Оның үстіне бұл жас сурет­ші­лер­­дің қалыптасуына оң ық­пал етеді», – дейді Азамат Қабыл.

Бұған дейін Алматыдағы Төлебаев көшесінің бойына «Ки­но» тобының солисі Вик­тор Цой­ға ескерткіш қойылған еді. Бұл дес­тинация қазір жас му­зы­канттар мен қала қонақтары үшін жиі келетін орынға айналған.

Арман ОКТЯБРЬ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ