Кеше Сербияның Сомборе қаласында бокстан «Ұлттар кубогы» деп аталатын халықаралық турнир басталды.
21 қаңтарға дейін жалғасатын жарыста Қазақстанның әйелдер құрамасы да күш сынасуда. Бұл жарыста ел намысын Әйгерім Қасенаева (48 кило), Назым Қызайбай (51 кило), Ангелина Лукас (51 кило), Дина Жоламан (54 кило), Сәния Сұлтанқызы (57 кило), Римма Волосенко (60 кило), Милана Сафронова (64 кило), Әлия Әбдірайымова (64 кило), Ақерке Бақытжан (69 кило), Аида Ондаш (75 кило) және Ләззат Күнгейбаева (+81 кило) сынды былғары қолғап шеберлері қорғауда.
Дайындаған Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Егемен Қазақстан»