• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
16 Қаңтар, 2019

Қытай дәрілерін заңсыз кіргізбек болған азамат ұсталды

533 рет
көрсетілді

Қорғас шекаралық бақылау отрядының жауапкершілік аумағында орналасқан Халықаралық шекара бойы  ынтымақтастығы орталығында шекара наряды 2019 жылғы 15 қаңтарда шекаралық және кедендік бақылаудан өтіп болған 21 жастағы қазақстандық азаматты ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оның жүгінен шекарашылар біздің елдің аумағына заңсыз енгізбекші болған 4 қорапта, жалпы салмағы 68,5 кг тартатын қытай дәрі-дәрмегін анықтаған. Ұсталған азаматтың жүгі актіленіп Алтынкөл кеден бекетіне тапсырылды. Сараптама жүргізілетін болады. Заңсыз жүктің иесі әкімшілік жазаға тартылатын болады.