• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Парламент 16 Қаңтар, 2019

Қазақстан 1,5 мың адамға халықаралық іздеу жариялады - Андрей Лукин

493 рет
көрсетілді

Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Лукин айтып өтті.

«Жалпы бізде 1 499 адам халықаралық іздеуде жүр, ал 1 026 мемлекетаралық іздеуде қамтылған», - деді А. Лукин. Оның айтуынша, екіжақты келісім болмаған жағдайда тараптар өзара уағдаластық тәртібінде тиісті шешімге келеді.

«Мұндай тәжірибені көптеген елдермен кеңінен пайдаланып келеміз, оның ішінде еуропалық елдермен де іске асырылуда. Мысалы, Германиямен арадағы іс-қимыл аясында өткен жылы олар бізге үш адамды ұстап берді. Сондай-ақ, біз тиісті конвенцияларды негізге аламыз, оның ішінде Минск конвенциясы бар», - деді ол.

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы адамдарды ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.