Сейсенбі күні «Әш-Шабаб» радикалды тобы Найробидегі Dusit қонақүй-кеңсе кешеніне шабуыл жасады. 15 адам қаза тауып, қонақүйден 50-ден аса адам құтқарылды.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, Кения құқық қорғау органдары Найробидегі лаңкестер шабуыл жасаған қонақүй кешеніндегі адамдарды құтқарып жатыр.
Атылған оқтардың дыбысы естіліп тұрған қонақүй кешенінен 50-ге жуық адам эвакуацияланған.
Кения Ішкі істер министрінің мәлімдеуінше, полиция кешеннің барлық ғимаратын бақылауына алған, оның аумағын тазарту жұмыстары аяқталар сәтке жақындаған. «Әш-Шабаб» радикалды тобы лаңкестікке жауапкершілікті өзіне алып отыр.
Қаза болғандардың он бірі – кениялық, екеуі АҚШ және Ұлыбритания азаматтары екені анықталды. Қалған екі адамның жеке куәліктері болмаған.