• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
16 Қаңтар, 2019

Қ.Мәми Сот әкімшілігі жөніндегі халықаралық қауымдастықтың президентін қабылдады

323 рет
көрсетілді

16 қаңтарда Конституциялық Кеңес Төрағасы Қ.Мәми Сот әкімшілігі жөніндегі халықаралық қауымдастықтың президенті Марк Биирді қабылдады.

Қазақстандық тараптан кездесуге АХҚО Басқарушысы Қ.Келімбетов те қатысты. 

Кездесу барысында Конституциялық Кеңес Төрағасы шетелдік қонақты Конституциялық Кеңестің Негізгі Заңның үстемдігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметімен, сондай-ақ, 2017 жылы Қазақстанда жүргізілген конституциялық реформаның негізгі, оның ішінде «Астана» Халықаралық қаржы орталығындағы ерекше құқықтық режимге қатысты бағыттарымен таныстырды.

Бұдан басқа, тараптар ағымдағы жылғы қыркүйек айында Астана қаласында Халықаралық Судьялар қауымдастығы (ХСҚ) мен Сот әкімшілігі жөніндегі халықаралық қауымдастықтың (СӘжХҚ) бірлескен форумын ұйымдастыру және өткізу мәселелерін талқылады. 

Қазақстан Судьялар одағы ХСҚ-қа 2004 жылы экстраординарлық мүше ретінде кірді, ал 2011 жылы осы беделді халықаралық құрылымның толыққанды мүшесі болды. 2016 жылдан бастап Қазақстан СӘжХҚ жұмысына қатысады.

Шетелдік қонақ ұлттық сот жүйелерінің алдында тұрған жалпы міндеттерді шешу үшін халықаралық сот қауымдастығын шоғырландыруға бағытталған СӘжХҚ-ның қызметі туралы хабардар етті.

Қорыта келе, Қ.Мәми шетелдік әріптесіне Қазақстанда жүргізіліп жатқан құқықтық реформаларға үлкен қызығушылық танытқаны үшін алғыс айтып, құқық үстемдігі қағидаттарын бекіту саласындағы ынтымақтастықтың табысты жалғасатынына сенім білдірді.