• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Әлем 16 Қаңтар, 2019

Әзербайжан мен Армения Сыртқы істер министрлері кездесті

460 рет
көрсетілді

Әзербайжан Сыртқы істер министрі міндетін атқарушы Эльмар Мамедъяров пен Армения СІМ Зограба Мнацаканяна ЕҚЫҰ-ның Минск тобы және ЕҚЫҰ-ның төрағасының өкілінің қатысуымен Парижде кездесуі өтті.

Оңтүстік Кавказ елдерінің арасындағы қақтығыс 1988 жылы бастау алған еді. Қақтығыс себебі – Әзербайжанға тиесілі таулы Қарабақ пен оған қарайтын аудандардың Армения оккупациясына өтуі.

1994 жылдың мамырында оқ атпау режиміне көшкен болатын. Содан бүгінге дейін ЕҚЫҰ-ның Минск тобының бастамасымен Ресей, Франция және АҚШ-тың араласуымен әзірге сәтсіз келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Бірақ Армения БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Таулы Қарабақты оккупациядан шығару бойынша қабылдаған төрт резолюциясын орындамады.