Мемлекет басшысының Өкімімен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды.
Ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының Өкімімен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Президент Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.