• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
17 Қаңтар, 2019

«Ауыз судың азабы»: Зеренді ауданы әкімдігінен жауап келді

959 рет
көрсетілді

Аталған мақалада Ақмола облысының бірқатар ау­дан­ындағы ауыз су мәселесінің өткір күйінде тұрғаны, соның ішінде Көк­шетау қаласының ірге­сіндегі Березняковка ауы­лының тұрғындары суды тасымалдап ішіп отыр­ғаны және басқа да аудандардың елді ме­кен­дерін сумен қамтуда тол­ғақты мәселелер қорда­ланып қалғаны жазылған болатын.

Осы орайда басылым бетінде көтерілген өзекті жайтқа Ақмола облысы Зеренді ауданының әкім­дігі ресми жауап берді.

Аудан әкімдігінің хабарлауынша, бүгінде 547 тұрғыны бар Бе­резняковка ауы­лын сумен қам­ту мақсатында аптасына екі рет сейсенбі және жұма күндері су та­ситын автокөлікпен қажетті ауыз су жеткізіліп отырады. Су құ­быры желілері ауылда 20 жылдан аса уақыт бойы жоқ. 2012 жы­лы 12,8 млн теңгеге Заречное мен Березняковка ауылдарына су құбыры желі­лерінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. Құрылыстың сме­та­лық құны 579 млн теңгені құра­ған. 2015 жылы құрылысты бас­тау үшін республикалық бюд­­жет­тен 295,4 млн теңге бөлін­­ген, бі­рақ 2015 жылы 17 ақпан­­да рес­пуб­ликалық бюджет ко­мис­сия­сының шешімі негізін­де қа­ра­жат қайтарылып, жария­лан­ған кон­курстық ресімдер тоқ­та­тылды. 2018 жылы аталған қос ауылға су тарату желілерінің құ­ры­­лысына 5,8 млн теңгеге жаңа­дан жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Бұл кезде құрылыс-монтаждау жұ­мы­сы­ның құны 700 млн теңгеден ас­там қаражатты құрады.

Жобаның мемлекеттік сараптамасы өткі­зіл­геннен кейін құрылысты қаржыландыру үшін жоғары тұрған бюджетке өтінім беріледі.

Ауданда орталық­танды­рыл­ған сумен қамту желілерін зарарсыздандыру шарасы жыл сайын өтеді. 2018 жылы бұл мақ­­­сатқа 3 млн теңгеден астам қар­жы жұм­салған. Жалпы, Зе­рен­ді ауданы бойынша орта­лық­­­тан­дырылған сумен 26 868 тұр­ғын немесе ауданның 69,4 пайызы қамтылған.

Өңірдегі аталған мәселелердің жергілікті атқарушы орган тарапынан оң шешімін табуын бас басылым алдағы уақытта да назарда ұстайтын болады.