• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Қаңтар, 2019

Арыс қаласында үйлер пайдалануға берілді

918 рет
көрсетілді

Арыс қаласында тұрғындар үшін барлық жағдай жасалған үйлер пайдалануға берілді. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында қаладағы «Көктем» шағын ауданынан бой көтерген 3 тұрғын үйдің, яғни 108 пәтердің кілті баспанаға мұқтаж, үй кезегінде тұрған отбасыларға табыс етілді.

Игі істі жүзеге асырған қала әкімдігі мен тапсырысты орындаушылар Ел­басы Жолдауындағы «Жайлылық дегені­міз – ең алдымен тұрғын үйдің қол­жетім­ділігі, ауланың әдемілігі мен қауіпсіз­дігі, тіршілікке және жұмыс істеуге қолай­лы елді мекеннің және сапалы инфра­құрылымның болуы» деген тапсырмасын басшылыққа алғандарын айтуда.

«Көктемде» тағы да 3 қабатты 3 тұр­ғын үй салынуда. Сондай-ақ «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы аясында қалада 60 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, тиісті орындарға сұраныс жолданған. Ал 8 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмысы жүргізілуде. Былтыр 10 айда 2 млрд 35 млн теңгеге 31972 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй ел игілігіне берілген. Яғни, бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 124 пайыз болып отыр. Жалпы, Арыс қаласында құрылыс жұмыстарының көлемі 4 млрд 67 млн теңге болып, нақты көлем индексі 95,8 пайызды құраған. Бұл қарқын алдағы уақытта да бәсеңдемек емес. «Наурыз» және «Отырар» тұрғын аудандарында 600 орындық мектеп құрылыстарының жобалық-сметалық құжаттарын дайын­дауға жергілікті бюджеттен 11 млн теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сараптама қорытындылары алынған, ал 48 нысанға сәулет-жоспарлау тапсырмасы жасалған. Өндірістік кәсіпорындар құрылысы да жоспарланған мерзімде жүргізіліп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етуде. Мысалы, кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында қалада «Арыс минералды су» ЖШС құны 250 млн теңгелік, жылына 18 млн литр минералды су және басқа да алкогольсіз сусындар шығаратын, 50 адам жұмыспен қамтылған цехты іске қосты. Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасынан тыс құны 1 млрд 360 млн теңгелік 6 жобаның есебінен жаңадан 102 жұмыс орындарының ашылуы жоспарланса, 4 жоба іске қосылып, 85 жұмыс орны ашылды. Алдағы уақытта «Сым-Тас» ЖШС құрылыс материал­дарын, атап айтқанда керамзиттен дайындалатын кірпіш шығаруды жос­парлап отыр. Бүгінгі таңда Монтайтас ауылдық округі аумағынан кең таралған пайдалы қазба, бетонит кен орнының құжаттары әзірленуде. Сондай-ақ Арыс қаласының оңтүстік шағын ауда­ны­нан 2019-2020 жылдары шетелдік және жергілікті компаниялар бірлесіп, жылына 12 мың дана толық циклды вагондар шығаратын, жалпы құны 82,0 млрд теңге болатын зауыт салуды жос­парлауда. Былтыр қазан айын­да Қожатоғай ауылдық округінде «KazGreenTekSolar» серіктестігі француздық компаниямен бірлесіп, 30 гектар жерге құны 7 млрд теңгелік, қуаты 14 мВт болатын күн сәулесінен баламалы электр энергиясын өндіретін стансаның құрылыс жұмыстары бас­талды. Одан бөлек, «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ ұсынысы негізінде қуаты 50 мВт-ты құрайтын күн сәулесінен қуат өндіретін станса салынатын болады. Қала әкімі Мұрат Қадырбектің мәлімдеуінше, былтыр инвестиция көлемі 6 млрд-тан астам теңге болып, алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1 млрд-тан аса теңгеге артқан. Ал өндірілген жалпы ішкі аймақтық өнім көлемі 25 млрд 367 млн теңге болған.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Прези­денттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінің 4-ші бастамасында шағын несие беруді көбейту қажеттігі айтылған болатын. Осы орайда Арыс қаласында шағын несие ұйымдары ар­қылы 2748 адамға барлығы 1 млрд 529 млн теңге несие берілген. Оның ішінде мем­лекеттік бағдарламалар аясында қар­жы ұйымдары арқылы 76 адамға берілген несие көлемі 426 млн теңге. Бұл өз кезе­гінде ауыл шаруашылығының дамуына септігін тигізіп отыр. Былтыр 10 айда 12 млрд 521 млн теңгенің ауыл шаруашылығы өнім­дері өндіріліп, 6,1 гектар жылыжай салын­ған, 905 гектар жерге тамшылатып суару әдісі ендірілген. Төрт түлік мал санын көбейтіп, ұлттық сусындарды ұсы­нып отырған шаруашылықтардан бір ғана мысал келтіре кетейік. Арыс қала­сына қарасты Дермене ауылдық ок­ру­­гінде Саналы бөлімшесінде «Желмая» АШӨК күніне 500 литрден 1,5 тон­наға дейін шұбат өндіреді. Шұбат бөтел­ке­лерге құйылып Астана, Алматы, Ақтөбе қалаларына жіберілуде. Келесі жылы түйе сүтінен йогурт өнімін өндіру және сауын­ды түйелерін 400 басқа дейін арт­тыру жоспарлануда. Ал «Ордабасы құс» ЖШС Ақдала ауылдық округінен құны 2,5 млрд теңгені құрайтын асыл тұқым­ды үндік балапанын шығаратын құс фа­б­ри­касын салмақ. Қуаты 1817 мың дана жұ­мыртқа шығаратын жоба бойын­ша 70 адам жұмыспен қамтылатын бола­ды. Сон­дай-ақ қала аумағындағы ауыл­­­шаруа­­шы­лық жерлерін ағын сумен қам­та­ма­сыз етіп, суармалы жер көлемін ұл­­ғайту мақсатында нақты іс-шара­лар жос­­пар­­ланған. Мысалы, Дермене ауыл­дық ок­ругіндегі «Саналы» каналын күр­делі жөн­деуден өткізу ар­қылы 550 гек­тар суар­малы жерді қайта ай­налымға қосу және сыйымдылығы 1 млн текше метр­­­лік тоған салу арқылы суар­малы жер­­дің көлемін 1950 гектарға ұлғайту көзделуде.

 

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Түркістан облысы