Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов жуырда қызметінен кетуі мүмкін. Бұл туралы қазақстандық спорт сайттары жазды.
Болгариялық маман ұлттық құрамадағы орнын клуб бапкерлігіне ауыстырады. SPORTINFORM сайтының жазуы бойынша Стойлов Шымкенттің «Ордабасы» командасын қаңтар айының соңына қарай жаттықтырмақ. Ал «Ордабасының» қазіргі бапкері Кахабер Цхададзе жақын арада қызметінен кетуі мүмкін. Дереккөздің ақпараты бойынша Станимир Стоиловтың «Ордабасы» клубына келуін «Астананың» экс-басшысы Саян Хамитжанов Шымкенттік команданың президент кеңесшісі болғанымен байланыстырады.
Стойлов Қазақстанда 2014 жылдан бері жұмыс істейді. Оның басшылығымен «Астана» клубы төрт рет ел чемпионы атанып, Чемпиондар лигасының және Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнады. 2018 жылдың наурыз айынан бері Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтырып келеді.
«Ордабасы» ел чемпионатының былтырғы маусымында төртінші орын иеленіп, Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде ойнауға мүмкіндік алған еді.