Қазақстан футбол федерациясы мен Ұлттық құраманың бас бапкері Станимир Стоилов екі жақты келісім бойынша еңбек шартын үзді деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі.
Болгариялық маман Станимир Стоилов Қазақстан Ұлттық құрамасын 2018 жылдың наурызында басқарған еді. Оның жетекшілігімен біздің құрама үш жолдастық матч өткізіп, УЕФА-ның жаңа турнирі Ұлттар Лигасына қатысты. Сонымен қатар жастар құрамасынан бірнеше ойыншыны шақыру арқылы ұлттық құраманы жасартты. Қазақстан футбол федерациясы Станимир Стоилов пен оның жаттықтырушылар штабына қазақстандық футболды дамытуға қосқан үлесі мен атқарған еңбегі үшін алғыс білдіреді.
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Стоиловтың басшылығымен жалпы саны 9 матч өткізді. Оның үшеуі жолдастық кездесу, алтауы ресми ойын. Екі жолдастық кездесуде футболшыларымыз жеңіске жетсе, бір ойында жеңіліп қалды. Ал Ұлттар лигасы аясында өткен ресми ойындардың біреуінде ғана жеңіске жетсе, екі ойында тең ойнап, үш ойында қарсыластарына есе жіберді. Жалпы Ұлттық құрама 9 кездесудің үшеуінде жеңіп, үшеуінде тең ойнап, үш матчта жеңіліске ұшырады.