• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Қаңтар, 2019

Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты сот үкімі шықты

535 рет
көрсетілді

Бүгін Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Денис Теннің өліміне айыптаушылардың ісі бойынша сот үкімі шықты.

Сот үкімі Алматы уақыты бойынша сағат 17.00-де шықты. Сот Құдайбергеновті кінәлі деп танып, оған 18 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Сондай-ақ Қиясов та кінәлі болып, оған 18 жыл бас бостандығынан айыру үкімі шықты.

Айыпталушы Жанар Толыбаева да төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейлі мекемеде өтейтін болады.  Алайда оның жүктілігіне байланысты ол жазасын кейін өтейді.