Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков «2017 жылғы 25 желтоқсанда Астана қаласында қол қойылған Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасын демаркациялау туралы Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасы арасындағы шартты ратификациялау туралы» Заңға қол қойды. Бұл туралы Қырғызстан Республикасы президенті аппаратының ақпараттық саясат бөлімі хабарлады.
Аталған Заң жобасын 2018 жылы 6 желтоқсанда Жогорку Кенеш қабылдаған болатын. Бұл Заң мемлекетішілік рәсімдерді «Қырғызстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қырғызстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында қабылданды.
Қабылданған Заңның 2-бабында Қырғызстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жоғарыда көрсетілген шарттың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындау туралы Қазақстан тарапына хабарлау тапсырылады.
Заң ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.