• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Қаңтар, 2019

Полиция департаменті айыппұлды уақытылы төлеуге шақырды

378 рет
көрсетілді

Айыппұлды бір апта ішінде төлесеңіз 50% жеңілдік қарастырылған.

Айта кетейік, 2018 жылдан бастап азаматтар автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптарымен тіркелген әкімшілік айыппұлды жеті күн ішінде төлесе, көрсетілген соманы 50% жеңілдікпен төлеу қарастырылған.

«Тәртіп бұзушыға айыппұлды өз еркімен 30 күннен кешіктірмей төлеуге мүмкіндік беріледі. Көрсетілген мерзімнен кейін мәжбүрлеп өндіріп алу үшін іс сот орындаушыларға беріледі», - делінген ПД-ның хабарламасында.  

Айыппұлдарды online режимде egov.k электронды үкімет порталы арқылы, qamqor.gov.kz, egov.kz. мобильдік қосымшаларындағы интернет сайттар арқылы тексеруге және төлеуге болады.

Бұған қоса, полиция әкімшілік айыппұлдар бюджетке мынадай деректемелер бойынша аударылатынын айтты: КБК 204106, ИИК KZ24070105KSN0000000, БИК KKMFKZ2A, КНП 993, СҒҮ (Сарыарқа ауданының салық комитеті). Айыппұл төленбеген жағдайда, айыппұл салу туралы қаулы немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама өңірлік жеке сот орындаушылар палатасына жіберіледі.