• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
07 Қаңтар, 2012

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми хабары

258 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми хабары

Сенбі, 7 қаңтар 2012 7:25

Алматы       2011 жылғы 30 желтоқсан

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының № 2155  Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2011 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2011 жылғы үлгінің өзгертілген дизайнымен номиналдық құны 5000 теңгелік банкнотты айналысқа шығарады.

2011 жылғы үлгінің өзгертілген дизайнымен номиналдық құны 5000 теңгелік банкноттың сипаттамасы

Банкноттың өлшемі 144х76 мм қағазда дайындалған.

Бет жағында: басым түс қызыл, суреттер негізінен тігінен орналасқан. Негізгі бейнелер: банкноттың оң жағында «Қазақ Елi» мону­менті және төменгі бөлігінде ортада ұшып жүрген кептерлердің бейнесі, ба­рыстардың су­реті. Жоғары бөлігінде Қазақстан Респуб­ли­касының мемлекеттік нышандары бейнеленген: мемлекеттік елтаңба және мемлекеттік ту. Сол жақта төменде және жоғары жақта но­ми­налдың цифрлық белгіленуі басылған, сол жақ­та ортада – номиналдың мем­ле­кеттік тіл­де­гі әріп­тік белгіленуі жа­зыл­ған. «ҚАЗАҚ­СТАН ҰЛТ­ТЫҚ БАН­КІ» деген жазу сол жақ жоғар­ғы бұ­рышта орналасқан, оның астында қол­дан жасалғаны үшін жауапкершілік туралы еске­р­тетін мем­лекеттік тілде «Бан­к­­­ноттарды қолдан жа­­­сау заңмен қудала­на­ды» деген жазу бар.

Сырт жағында: қызыл мен көк түстер басым, суреттер негізінен көлденеңінен орна­ласқан. Негізгі бейне: Қазақстан картасының пішіні, алдыңғы бөлікте Іле Алатауы аясында Алматыда орналасқан Тәуелсіздік монумен­тінің ең жоғарғы бөлігі, «Қазақстан» қонақ үйінің ғимараты. Оң жақ бөлігінде алма және кептер бейнеленген голографиялық жолақтар бар. Сол жақта төменде және оң жақта жо­ғарыда банкнот номиналының цифрлық бел­гіленуі, ал төменде ортада – орыс тілінде әріптік белгіленуі орна­­­ласқан. Жоғарыда ортада «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТ­ТЫҚ БАНКІ» деген жазу және шығарушы банк­тің логотипі орналасқан. Төменгі сол жақ жо­ғар­ғы бұрышта банкнот номиналының белгі­ле­нуі­нен төмен қолдан жасалғаны үшін жауап­кер­ші­лік туралы ескертетін «Подделка банкнот преследуется по закону» деген  жазу орналасқан.