Елбасының ауылшаруашылық өнімінің экспортын 2022 жылға қарай екі жарым есеге көбейту тапсырмасы Қызылорда облысында жекелеген кәсіпкерлер тарапынан табысты орындалуда.
2002 жылы құрылған «Жан Арай» серіктестігі күріш ақтау және жем зауыттарын іске қосқан.
- Биыл төрт жылдың көлемінде «Жан Арай» ЖШС өзінің шығарған өнімдерін облыстың халқына, көршілес ел Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан елдеріне және Ресей мемлекетіне сатып жатыр. Күріш ақтау зауыты 150-ден астам заманауи техникалармен жабдықталған. Кешенде 150 адам жұмыс жасайды, - дейді «Жан Арай» ЖШС директоры Бағдәулет Махашов.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан».
Қызылорда облысы