• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Білім 21 Қаңтар, 2019

Сыр өңірінің «Өлкетану» оқулығы әзірленді

467 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қызылорда облысының қалыптасуы мен дамуын кешенді сипаттайтын 5-7 сыныптарға арналған «Өлкетану» оқулығы әзірленді.

«Өлкетану» оқулығын дайындауға облыстық бюджет есебінен 25 млн теңге қаржы бөлінген. Бүгінде оқулық ҚР Білім және ғылым министрлігінің сараптамасынан өтіп, 2018-2019 оқу жылында білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер тізбесіне енді.

5-6-7 сыныптарға арналған «Өлкетану» оқулығында Сыр өңірінің тарихы, киелі жерлері жайлы аңыздар, тарихи деректер, тарихи тұлғалар, ұлттық қолөнер, туристік маршруттар, басқа да қажетті мәліметтер жинақталған.

Оқулық биылғы екінші жарты жылдықтан бастап оқытылады.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

 Қызылорда облысы