Олар Uber және Cabify қызметін реттеуді талап етеді. Сектор қызметкерлері бұл компанияларды жосықсыз бәсекеде айыптап, олардың жүргізушілері пайдаланатын арнайы лицензиялар беруге шектеуді талап етеді.
«Олар (Uber және Cabify жүргізушілері) біздің көшеде клиенттерді алып, жұмысымызды тартып алуы ақылға қонбайды. Мысалы мен таксиде кофе сатпаймын ғой», дейді такси жүргізушісі Хосе Карлос.
Хуан Херера, такси жүргізушісі: «Біздің жекеменшік такси жүргізушілеріне қарсы ештеңеміз жоқ. Бар болғаны бәрінің заңмен қадағаланып, жүйеленгенін қалаймыз»
Барселонадағы таксистер ереуілі 18 қаңтарда басталған. Дүйсенбі күні наразылық акциясы кезінде шерушілер аймақтық парламент ғимаратына жақындап, полиция кордонын жарып жібермек болған. Көтеріліс кезінде құқық қорғау органдарының бірнеше қызметкерлері зардап шекті.