• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
22 Қаңтар, 2019

Дэвис кубогі: Қазақстандық теннисшілер Португалия құрамасын қабылдайды

401 рет
көрсетілді

1-2 ақпан күндері Астанадағы ұлттық теннис орталығында Дэвис кубогіне іріктеу аясындағы кездесу өтеді. Қазақстан құрама командасына бұл жолы португалиялық теннисшілер қарсылас атанбақ деп жазады Olympic.kz. 

Аталған матч жеңімпазы Дэвис кубогінің финалдық кезеңіне жолдама алады. Ақтық сын 18-24 қараша аралығында Мадридте өтетінін еске саламыз. 

Теннисшілер кездесуі 1 ақпан күні 14:00-де, 2 ақпан күні 12:00-де басталады. 

Португалия құрамасы іріктеу кезеңінде Оңтүстік Африка Республикасынан 4:0 есебімен жеңсе, Қазақстан теннисшілері Швейцариядан 4:1 есебімен басым түсті. 

Айта кетелік, біздің команда Дэвис Кубогінің ¼ финалына бес рет жолдама алған болатын. 

Дэвис кубогі – теннистен ерлер арасында өтетін ірі халықаралық командалық турнир. 1900 жылдан бері ұйымдастырылатын жарыс 1979 жылдан бастап Халықаралық теннис федерациясының қолдауымен өтеді. Кубоктің қазіргі иегері – Хорватия құрамасы. 

Дэвис кубогінің финалдық кезеңінде 12 команда бақ сынайды.