• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Қаңтар, 2019

Жетісу кәсіпкерлерінің өтініші жерде қалмайды

554 рет
көрсетілді

Өткен жылы Алматы облысында кәсіпкердің ісіне кедергі келтіріп, заң қағидасын бұзған 3 лауазымды тұлға жауапқа тартылған. Бұл туралы Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасы жанындағы құқық қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің жыл қортындысында айтылды.

Жалпы, 2018 жылы өңір кәсіпкерлері тарапынан Кәсіпкерлер палатасына 25 шағым түсіп, оның 70 проценті шағын және орта бизнестің пайдасына шешілген.

- Кәсіпкерлерден түсетін өтініштердің басым бөлігі жер қатынастары мен мемлекеттік органдар әрекетіне шағым жасауға қатысты болып отыр. Демек, бұл бағыттағы жұмысымызды әлі де ширата береміз. Бизнеске атқарушы билік тарапынан қолдау көбейген сайын, жеке бас мүддесін көздеген кейбір шенділердің теріс әрекетін де жасырмай айтуымыз керек. Өткен жылы кеңестің арласуымен осындай 3 шенеунік жазасын алды, - дейді Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Баниямин Файзулин.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы