• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Қаңтар, 2019

Солтүстік Қазақстанда әкімшілік қызметкерлері пара алуға бейім

469 рет
көрсетілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының облыстық департаменті өткен жылы 75 заң бұзушылық фактісін әшкерелеген. 

Бұл 2017 жылғы көрсеткішке қарағанда екі есе көп. Ведомство басшысы Асхат Жұмағали Мамлют, Тайынша аудандарының бұрынғы әкімдерінің, сондай-ақ, Петропавл қаласы мен облыс әкімдігінің бірқатар мемлекеттік қызметшілерінің пара алу үстінде әшкереленгенін, қаржылық алаяқтық әрекеттері, сыбайлас жемқорлық  билік органдарында жиі кездесетінін атап көрсетті.

«Былтыр 63 іс сотқа жіберілді. Олардың арасында мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының бұрынғы басшысы Мұрат Абылаевқа қатысты іс бар. Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қылмыстық әрекеттерге барған шенеунік қызмет бабын асыра пайдаланып,  мыңдаған долларды қалтасына басқан. Оның көмегіне, тіпті, Астана, Ақтау, Шымкент қалаларының азаматтары да жүгінген»,  дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы облыстық департаментінің басшысы Асхат Жұмағали.

Қара басының қамын ойлап, абыройына кір келтірген Мұрат Абылаев сегіз жылға бас бостандығынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылған.

Қылмыстық жауапкершілікке тартылған 35 лауазымды тұлғаның 14-і –әкімдік қызметшілері. Бірнеше жыл қатарынан әкімдіктегілер сыбайлас жемқорлыққа ең бейім мемлекеттік қызметшілер болып отыр.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы