• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Қаңтар, 2019

«Ойыншық» сабындар

889 рет
көрсетілді

Көкшетау қаласында тұра­тын Елена Самсонова сан алуан хош иісті сабынды 10 жылдан бері жасайды екен. Негізгі мамандығы – психолог. Алайда, мақсат еткен ісі­нен мұрат табатынына көзі жет­­кен соң осы кәсіпке көңілі құлаған.

– Бәрі бала күтіміне орай демалысқа шыққан сәтім­нен басталды,– дейді Елена Сам­сонова. – Әуелі сабын да­­йындау тәсілдерін ғалам­тор­дан іздеп таптым. Бірден кө­ңілім ауған соң, індете зерт­тедім.

Жаңа кәсіп қызықты болып көрінген. Қолы жаттыға келе иіс сабындарды әртүрлі етіп қалыптап, қилы пішінде жасайтын болды. Жасаған затыңның сыртқы кейпі де жұтынып тұруы керек қой.

– Түрлі-түсті бояу, иістен­дір­­гіш қажет, – дейді шебер. – Сапасы да жаман емес, ешбір химия жоқ. Негізгі шикізатын Ресейден алдырамын.

Сөреде тұрған сабындар сабын емес, сан алуан ойын­шық тәрізді. Мына біреуі қор­биған қонжық, сүп-сүй­кімді кү­шік, тіпті жеміс-жи­дек­­тер бей­­несіндегілері де толып жатыр.

– Елена бұл төңірек­тегі қолдан сабын жасайтын­дар­дың тұңғышы, – дейді «Па­литра Синегорья» бірлес­ті­гінің жетекшісі Елена Ан­дроняк. – Өзімнің де кішкен­тайым бар. Балаларды ойын­шық сабынмен жуындыру сондай оңай, олар үшін бұл қызық. Тіпті үлкендердің өзін еліктіреді.

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Egemen Qazaqstan»

Ақмола облысы