• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Бокс 23 Қаңтар, 2019

Данияр Елеусінов шаршы алаңға наурызда шығады

528 рет
көрсетілді

Қазақстандық боксшы, Рио Олимпиа­дасының чемпионы Данияр Елеусінов (5-0, 3 КО) кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жегін наурыз айында өткізеді.

Отан­дасымыздың менеджері Зия Әлиевтің айтуынша, Д.Елеусінов 15 нау­рыз күні АҚШ-тың Пенсильвания штатын­дағы Филадельфия қаласында рингке шы­ғады. Оның қарсыласы әзірге белгісіз. Д.Елеусінов жекпе-жекке дайындалу үшін келесі апта АҚШ-қа аттанады. Бокс кешінің басты жекпе-жегінде ирландиялық Кэти Тэйлор мен бразилиялық Роус Воланте чемпиондық белбеу үшін айқас өткізеді.

Еске сала кетейік, Д.Елеусінов соңғы кездесуін 24 қараша күні Монте-Карлода өткізіп, никарагуалық Маркос Мохиканы үшінші раундта нокаутпен жеңген болатын.

Әли БИТӨРЕ,

«Egemen Qazagstan»