• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Қаңтар, 2019

Астанада британдық қаламгер Ник Филдингпен кездесу өтті

411 рет
көрсетілді

Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада британдық жазушы, Оксфорд университетінің профессоры, «Оңтүстікке дейін Ұлы дала: Томас пен Люси Аткин­сонның Шығыс Қазақстандағы саяхаттары, 1847-1852 ж.ж.» («South to the Great Steppe: The Travels of Thomas and Lucy Atkinson in Eastern Kazakhstan, 1846-1852») кітабының авторы Ник Филдингпен кездесу кеші өтті.

Британдық журналист Ник Фил­динг XIX ғасырда өмір сүрген қазақ­­тардың тарихын, Қазақстан мен ағылшын ғалымдарының кез­де­сулерін жүйелеп хатқа тізіп, Ұлы­бри­тания кітапханаларындағы қазақ жеріне, тарихына, мәдениетіне қа­тысты зерттеу жұмыстарымен айналысқан. Осы бір тыңғылықты ізденісінің нәтижесінде өмірге келген «Оңтүстікке дейін Ұлы дала: Томас пен Люси Аткинсонның Шы­ғыс Қа­зақ­стандағы саяхаттары, 1847-1852 ж.ж.» атты кітабында автор әйгілі бри­тан жиһанкездерінің Сі­бір және Қазақ даласына жасаған сая­хаты туралы жазады. Еңбектің «Қа­палдан хат, 17 қазан 1848 жыл» ата­латын тара­уында Томас пен Люсидің Қазақ даласына келген сапары қызықты баяндалған. 

– Ник Филдинг – қазақты жан-тәні­мен жақсы көретін жазушы. Қа­ламгердің ұлтымыздың мә­дение­­ті­не деген құштарлығы ерек­ше. Киелі же­ріміздің тарихы мен салтын зерт­теп, зерделеп жүрген ше­тел­­дік әдебиетшілермен қарым-қаты­насымыз одан әрі де дамып, ны­ғая береді деп сенеміз, – деді шы­ғар­машылық кездесуде Ұлттық акаде­мия­лық кітапхананың басшысы Үміт­хан Мұңалбаева. 

Мазмұнды кешке Қажығали Мұхам­бет­қалиұлы, Тұрсын Жұртбай бас­та­ған белгілі қазақ жазушылары мен ғалымдары, қоғам қайраткерлері қа­тыс­ты. Сондай-ақ айтулы іс-шара бары­сында автордың «Оңтүстікке дейін Ұлы дала: Томас пен Люси Аткинсонның Шығыс Қазақстандағы саяхаттары, 1847-1852 ж.ж.» кітабын қазақ және орыс тілдеріне аудару үшін авторлық құқық алу жөніндегі келісімшартқа қол қойылды. 

Назерке ЖҰМАБАЙ,

«Egemen Qazaqstan»