Қостанайда ауыр атлетикадан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Қазақстан біріншілігі басталды. Чемпионат 28 қаңтарға дейін жалғасады деп жазады Olympic.kz.
Елішілік додаға республиканың 14 облысы мен Алматы, Астана және Шымкент қалаларынан спортшылар қатысуда.
Былтыр жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатына 2017 спортшы қатысты, биылғы зілтеміршілер саны 265-ке дейін көтерілген.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшылар ұлттық құрамаға қабылданып, ірі халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайды.